Алматыда қоймада болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды
Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру көлігінің видео тіркеуішіне түсіп қалған кадрларды жариялады.
11:32 17.11.2021
16 қарашада кешке Алматыда қойма өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру көлігінің видео тіркеуішіне түсіп қалған кадрларды жариялады.
"16 қараша күні 19.36-да Алматы қаласының 101 пультіне қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт сөндірушілер дереу Медеу ауданы Тәтібеков көшесіндегі қоймаға аттанды. Алғашқы өрт сөндірушілер 6 минутта жеткенде, газ баллоны жарылды, қойманың 80 шаршы метр аумағы жанып жатты", - делінген департаменттің хабарламасында.
Қоймада газ баллондары болғандықтан жарылыс және өрттің көрші нысандарға таралу қаупі туындады.
"Өрт сөндіру барысында жанып жатқан қоймадан 50 және 25 литрлік газ баллондарының 11 бірлігі эвакуацияланды, өрт 20.05-те жойылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді департаменттегілер.
Өртті сөндіруге 18 бірлік техника, жеке құрамның 50 қызметкері жұмылдырылды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!