Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавл көшесінде ер адам жалаңаш жүрген
Петропавлда көшеге тыр жалаңаш шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
11:28 02.12.2021
Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды. Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткіге еліткен ер адамға «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram