Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарлық әйел туған ұлын полицияға ұстап берді
Павлодарлық әйел туған ұлының үстінен полицияға шағым түсірді.
17:01 02.12.2021
102 нөміріне хабарласқан әйел, ішімдік ішіп, жанжал шығарған ұлын алып кетуді өтінген. Қоңырау шалған кезде әйел жылап тұрған. Келген учаскелік инспекторға әйел ұлын жалғыз өсіргенін, есейген кезде өміріне қауіп төндіретінін ойламағанын жеткізді.
Учаскелік полиция қызметкері маскүнем баласын алып кетіп, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызды. Сондай-ақ, ол маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.
"Алдағы уақытта бұл отбасы ерекше бақылауда және жіті назарда болады", – деді полицейлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram