{metadescription}
Павлодарлық әйел туған ұлын полицияға ұстап берді

Павлодарлық әйел туған ұлын полицияға ұстап берді

Павлодарлық әйел туған ұлының үстінен полицияға шағым түсірді.

102 нөміріне хабарласқан әйел, ішімдік ішіп, жанжал шығарған ұлын алып кетуді өтінген. Қоңырау шалған кезде әйел жылап тұрған. Келген учаскелік инспекторға әйел ұлын жалғыз өсіргенін, есейген кезде өміріне қауіп төндіретінін ойламағанын жеткізді. 

Учаскелік полиция қызметкері маскүнем баласын алып кетіп, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызды. Сондай-ақ, ол маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. 

"Алдағы уақытта бұл отбасы ерекше бақылауда және жіті назарда болады", – деді полицейлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде