{metadescription}
Қызылордалық полицейлер үйден кетіп қалған 14 жастағы қызды тапты

Қызылордалық полицейлер үйден кетіп қалған 14 жастағы қызды тапты

29 қараша күні сағат 23:45-те Қызылорда қаласының Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне әйел 14 жастағы кәмелетке толмаған қызы үйінен 16:30 шамасында белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмағаны туралы арызданған.

Жоғалған жасөспірімді іздестіру үшін Ақсай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция қызметкерлері арасында мобильді топтар құрылды, сондай-ақ полицияның қосымша күштері тартылды. Жоғалған қызды анықтау мақсатында қалалық ПБ барлық қызметкерлеріне бағдарлар таратылды. Ақсайлық полицейлердің ұйымдастырған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде,

30 қарашада кәмелетке толмаған жасөспірім қаладан аман-сау табылып, ата-анасына табысталды. Ата-анасы полицейлерге адал қызметі үшін және аман-есен қызының қайтаруына көмектескені үшін өз алғыстарын білдірді. Жыл басынан бері 2422 заңды өкілге ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, есепті кезеңде Қызылорда қаласының ПБ-на 2992 қаңғыбастықпен айналысқан және түрлі құқық бұзушылықтар жасаған жасөспірім жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде