Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда екі жасөспірімді қаққан көлік иесі қашып кетті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі жасөспірімнің жағдайы ауыр.
14:28 05.12.2021
Орал қаласында көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып, ізін жасырды. Полиция 16 жастағы екі жасөспірімді қағып кеткен Toyota Prado көлігінің иесін іздестіріп жатыр. Оқиға 4 желтоқсанда кешкі жеті шамасында болған, деп жазды "Мой город".
"Жол бойында келе жатқан екі жасты қағып кеткен көлік иесі соққыдан кейін көліктен шығып кетіп қалған. Алайда көлікте қалған әйел адам кінәні өз мойнына алып отыр. Куәгерлердің айтуынша, рөлде ер адам болған. Қазір ол іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі жасөспірімнің жағдайы ауыр. Олар бас-ми жарақатын алған. Біреуінің басына қатты зақым келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram