Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әмір Закиров Парижде өткен әлем чемпионатында қола олжалады
2024 жылғы Олимпиадаға дайындық аясында Парижде брейкингтен (брейк-данс) әлем чемпионаты өтті.
16:23 05.12.2021
Аталған сынға Қазақстан атынан Дәулет Анарбекұлы, Диляра Әубәкірова, Әмір Закиров және Ирина Усманова қатысқан болатын. Петропавл қаласының тумасы Әмір Закиров жүзден аса спортшының арасында іріктеуден іркілмей өтіп, Словакия, АҚШ, Франция өкілдерін басып озды.
Жартылай финалда Әмір канадалық спортшымен жарысып, қарсыласқа жол берді. Ал қола медаль үшін өткен жарыста Бразилия өкілі Луан Санды ұтып, әлем чемпионатында үздік үштікке енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram