Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде қалта ұрысы ұсталды
Ақтөбеде қоғамдық көлікте ұрлыққа түскен қалта ұрысы ұсталды.
15:44 06.12.2021
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында №15 автобустың салонында Океан аялдамасынан Сазда аялдамасына дейінгі жолда 67 жастағы зейнеткердің сөмкесінен жасырын түрде ұялы телефон мен әмияны ұрланған. Оның ішінде 9 500 теңге ақша, банк және бонус карталары болған. Жедел-іздестіру тобының қызметкерлерімен күдікті ретінде 30 жастағы әйел адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмысты дер кезінде ашудың кепілі – полиция органдарына уақтылы жүгіну, сондай-ақ қылмыскердің сыртқы келбетін дәл және толық сипаттау. Полиция қызметкерлері ескертеді: сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз мүлкіңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram