{metadescription}
Алматыда заңсыз салынған гараждар сүріледі

Алматыда заңсыз салынған гараждар сүріледі

Алматының Бостандық ауданында заңсыз салынған 250-ге жуық гаражды бұзу жоспарланған.

Бұл туралы аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлім етті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Алтай Рахымбетовтан журналистер аудан аулаларындағы заңсыз салынған гараждар мен қосалқы құрылыстар мәселесі қашан шешілетінін сұрады.

«Біз бұл жұмыстарды қолға алдық. Өкінішке орай, бүгінгі күні бізде аула аумақтарында, көшелерде орналасқан осындай 500-ге жуық нысан бар. Басым бөлігінің тиісті құжаты жоқ, бірақ иелері оларды барлық жолмен қалдыруға тырысады. Мұндай жағдайларда сотқа жүгінуімізге тура келеді, бұл біраз уақытты алады. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, келесі жылы заңсыз тұрған 250-ге жуық гаражды бұзуды жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.