Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Павлодар облысында жол апатынан 49 жастағы жүргізуші көз жұмды.
10:16 07.12.2021
«6 желтоқсан күні сағат 18:30-да «Ленинский-Русская Поляна» автожолының 136-шақырымында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылына жақын маңда «Ауди-80» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қыметі.
Полиция атап өткендей, автокөліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған. Тексеру жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram