{metadescription}
COVID-19: омикрон штамын жұқтырғандардың жағдайы не болып жатыр

COVID-19: омикрон штамын жұқтырғандардың жағдайы не болып жатыр

Омикрон штамын жұқтырған адамдарда коронавирус жеңіл өтіп жатыр, алайда түпкілікті қорытынды шығаруға әлі ерте.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың омикрон-штамын жұқтырған науқастар ауырып жатқаны туралы алдын ала қорытындыны жариялады. Соңғы дерек бойынша омикрон-штамм жеңіл түрде өтіп жатыр, деп мәлімдеді ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.

"Бастапқы мәлімет "Омикрон" жұқтырған адамдардың ағзасында ауру жеңіл өтіп жатқанын көрсетіп отыр. Бірақ нақты қорытынды шығаруға әлі ерте", - деді Ван Керкхове CBS эфирінде.

Ол кей жағдайда вирустың салдарын анықтау үшін біршама уақыт қажет болатынын айтты. Вирус жұқтырғандардың бірінде ауру ауыр формада өтіп жатқанын мамандар анықтағанға дейін бірнеше апта өтуі мүмкін. Алайда әзірше мұндай жағдай тіркелген жоқ. ДДСҰ мәліметі бойынша омикрон-штамм жұқтырғандардың арасында әзірге өлім-жітім тіркелген жоқ.

"Бұл аурудың жеңіл түрі болса да, оның таралуына қарсы дереу күрес жүргізуіміз керек. Себебі науқастар саны көбейсе, олардың кейбірін ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. Олар интенсивті терапия бөліміне ауыстырылып, кейбірі көз жұмуы мүмкін", - деді ДДСҰ өкілі.

Науқастар санының артуы ауруханада орын тапшылығын тудырып, өлімнің көбеюіне алып келеді, деп жазады sputnik.

"Біз бүкіл әлемде "Дельта" штамы өршіп тұрған шақта осылай болғанын қаламаймыз", - деп түйіндеді Мария Ван Керкхове.

Коронавирустың жаңа штамы қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызының ондаған мутациясы бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұмада өткен шұғыл отырыста B.1.1.529 жаңа штамына алаңдаушылық білдіріп, оған грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, "омикрон" деп атады. Сарапшылар жаңа штамм коронавируспен ауырып, қайта жазылғандарға да, екпе салдырғандарға да жұғуы мүмкін дейді. Оның негізгі симптомы – бас ауруы мен шаршаңқылық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.