Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Головкиннің командасындағы Али Ахмедов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады
Екінші орта салмақ боксшысы, қазақстандық Али Ахмедов (17-1, 13 КО) кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.
12:03 08.12.2021
10 желтоқсанда Калифорния штатындағы Монтабеллода Ахмедов мексикалық Пауль Валенсуэламен (26-1, 17 КО) жұдырықтасады. Али Ахмедов 16 қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде Перу боксшысы Давид Сегарруды (34-6, 21 КО) нокаутпен жеңген еді. Кездесу үш раундқа созылған. Ахмедов пен Валенсуэла арасындағы кездесу Қазақстан уақыты бойынша 11 желтоқсан күні таңертең болады.
"Рингке қайта оралдым, 10 желтоқсанда кездескенше", - деп жазды ол өз Instagram парақшасына.
Ахмедов – Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол Головкинмен бірге Биг Бэрде бірге жаттығуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram