Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алексей Цой Pfizer вакцинасының бағасына қатысты жағдайды түсіндірді
Pfizer вакцинасының бағасы жеткізу құнына байланысты болады.
13:35 08.12.2021
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты нақты түсінік жоқ. Тиісті есептеулер жасалғаннан кейін, сондай-ақ нақты партия елге жеткізілгеннен соң және нақты сома бар екенін көрсек, сол кезде айта аламыз», - деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол әзірге аталған вакцинаның құны айқындалмағынын жеткізді.
«Вакцина құнын белгілеу кезінде екпені жеткізу құнын назарға аламыз. Алдағы 1-2 айда жеткізіледі», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіліп жатқанын айтты. Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram