Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көкшетауда ер адам жаңа сауда үйінен ішімдік ұрлап кетті
7 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 2 желтоқсанда ашылған сауда үйінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті.
13:38 09.12.2021
Анықталғандай, белгісіз біреулер жаңа супермаркеттің сөресінен алкогольді ішімдіктерді ұрлап кеткен, келтірілген шығын сомасы 11 401 теңгені құрады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушыны тіркеген бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.
Ер адам сауда үйіне екі рет кірген, ал ол үшінші рет “оңай олжа” алу үшін сауда орнына оралғанда ұсталған. Күдікті Зеренді ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұрланған затты қайтарды, оған келу міндеттемесі түрінде мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram