{metadescription}
Ғалымдар коронавирус жұққан кезде жарқырайтын маска ойлап шығарды

Ғалымдар коронавирус жұққан кезде жарқырайтын маска ойлап шығарды

Жапонияның Киото префектура университетінің ғалымдары коронавируспен байланыста болған кезде ультракүлгін сәулелену әсерінен жарқырайтын арнайы қорғаныс маскаларын жасап шығарды.

Ғалымдардың айтуынша, түйеқұстардың ағзадағы бөгде заттарды бейтараптандыратын бірнеше түрлі антиденелерді шығаруға қабілетті екені анықталған. Сондықтан ғалымдар өткен жылдың ақпан айында аналықтарға коронавирустың белсенді емес және қауіпсіз түрін енгізіп, түйеқұс жұмыртқаларынан антиденелер алған. Осыдан кейін антиденелерді флуоресцентті бояғышқа қосып, олардан маска сүзгісін өңдіріп шығарған. Егер маскаға вирус түссе, ол жарқырайтын болады.

"Түйеқұс антиденелерін төмен бағамен жаппай өндіре аламыз. Болашақта мен әркім пайдалана алатын қарапайым сынақ жинағын жасап шығарғым келеді", - дейді университет президенті Ясухиро Цукамото.

Цукамато ойлап тапқан маскасының көмегімен өзінің COVID-19 жұқтырғанын анықтаған. Тестілеу кезінде оның қорғаныш маскасы ультракүлгін сәуледе жарқырай бастаған, содан кейін ол ПТР тестін тапсырып, нәтижесі оң болып шыққан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде