Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола полицейлері саусақ іздері арқылы бұрын жасалған ұрлықты ашты
Ақмола криминалистері қол іздері мен фотоесептер бойынша қылмыстарды ашу кезінде дактилоскопия мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады.
14:42 10.12.2021
Мәселен, осы жылдың қарашасында полиция қызметкерлері 2019 жылдың тамыз айында жасалған ұрлықты ашты, ол кезде Щучинск қаласындағы қонақ үй нөмірлерінің бірінде жәбірленушіден 425 мың теңге көлемінде ақша ұрланған болатын. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тексеру кезінде оқиға орнынан криминалист мамандарымен саусақ іздері, шайындылар мен микро түйіршіктер анықталып, алынды.
2021 жылы қылмыстық есепке алу базасын жаңа деректермен толықтыру нәтижесінде, жаңадан алынған саусақ іздерінің қолда бар саусақ іздерімен сәйкестігі анықталды. Осының арқасында курорттық қала қонағынан ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен Бурабай ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram