Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Полицейлер ер адамнан 6 келі кептірілген марихуана тәркіледі
Жамбылдық полицейлер ер адамнан 6 келі кептірілген марихуана тәркіледі.
15:06 10.12.2021
“Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауданындағы “Иірім” кеніш алды аймағында жедел ақпаратты іске асыру кезінде Байзақ ауданының тұрғынын ұстады, жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 5 келі 900 грамм “кептірілген марихуана” табылып, тәркіленді.
"Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram