{metadescription}
Алматы облысының полициясы соққыға жығылған оқушыға қатысты түсінік берді

Алматы облысының полициясы соққыға жығылған оқушыға қатысты түсінік берді

Алматы облысында полиция соққыға жығылған оқушыға қатысты оқиғаға түсінік берді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінде оқушылар арасында жанжал туындаған.

«Тексеру барысында оқиғаның сабақтан кейін, сағат 13:30-да №1 мектептің 10 және 11-сынып оқушылары арасында болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды (бұзақылық)», - деді полициядан.

Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысын ПД басшылығы өз бақылауына алған. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде