Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көкшетауда ұры орталық базарда ер адамның телефонын қолды қылды
Қылмыс Орталық базар аумағында жасалған.
19:04 10.12.2021
Жәбірленуші Көкшетау тұрғыны “LG” маркалы телефонды дүкен сөресіне бір минутқа қалдырып, тауарларды қараған. Ұры ер адамның ұқыпсыздығын пайдаланып, оның мүлкін иемденіп кеткен. Кейінірек жәбірленуші затының жоғалғанын байқап, полицейлерге жүгінді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram