Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматылық жігіт Tik-Tok түсіремін деп істі болды
Алматылық жігіт Шамалған станциясында Tik-Tok түсіремін деп істі болды.
09:21 11.12.2021
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басөз қызметі хабар таратты.
«Темір жол бойында рейд жүргізген Шамалған станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол танымал Tik-Tok желісіне жүріп бара жатқ етіп түсірген», - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
Жас жігіт бұл қылығы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзу фактілерінің жолын кесу үшін көліктегі полиция департаменті 5-11 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. 5 күнде 28 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, 1192 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 33-і ұсақ бұзақылық, 202-сі қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, 110-ы көші-қон заңнамасын бұзу фаткілері бойынша тіркелді», - дейді департамент бастығы
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram