{metadescription}
Атырау облысында су таситын көлік өртенді

Атырау облысында су таситын көлік өртенді

Мақат ауданында су тасымалдап жүрген «Урал» маркалы көлік отқа оранған.

«Көліктің өртенгені туралы кеше, 10 желтоқсанда күндізгі сағат 14.32-де хабар түсті.

Департаменттің өрт сөндірушілері Доссор кентінен 10 шақырым қашықта «Атырау-Ақтау» бағытындағы республикалық тас жолдың бойында автокөліктің өртеніп жатқанын анықтады. Жалын су таситын көліктің кабинасынан шыққан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 15:20-да оқшаулап, сағат 15:25-те толық сөндірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.