{metadescription}
Апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген күдікті 24 жылдан кейін ұсталды

Апалы-сіңлілі қыздарды өлтірген күдікті 24 жылдан кейін ұсталды

Омбыда екі әйелді өлтіріп, қашып жүрген күдікті Павлодардан ұсталды.

Қазақстан азаматы 1997 жылы Омбыда бір қызды қарумен атып, ал екіншісін пышақтап өлтірген.

«Облыстық полицияның көші-қон қызметкері Гүлстан Батталованың қырағылығының арқасында 24 жыл бойы тергеу органдарынан жасырынып келген ер адам анықталды», - деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1997 жылдың наурызында Ресейдің Омбы қаласында 30 жастағы азамат кикілжің кезінде 25 жастағы қызды басынан атып жібереді, ал оның 22 жастағы сіңлісіне бірнеше жерден пышақ сұғып алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтың айтуынша, екеуі де алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Күдікті мас болған. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен. Күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланады.

«54 жастағы Қазақстан азаматы азаматтық анықтау үшін көші-қон қызметіне құжат өткізген. Осы кезде оның іздеуде жүрген күдікті екені әшкере болған. Полиция подполковнигі ер адамды таныған», - деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Павлодар полицейлері Ресейдің Омбы облысының тергеу органына хабарлама жолдады. Бүгінде Ертіс өңірінде «Мигрант» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның барысында 430 адам жауапкершілікке тартылды. 21 шетелдік сот үкімімен елден қуылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.