Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкент әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті
Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежайды миналау туралы хат түсіп, адамдарды эвакуациялау басталды.
Фото: Анатолий УСТИНЕНКО
11:42 15.12.2021
Шымкент әуежайында жарылғыш зат салынғаны туралы хабарламадан кейін адамдарды эвакуациялау басталды. Ақпаратқа сәйкес, Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежайды миналау туралы хат түсіп, адамдарды эвакуациялау басталған.
"2021 жылдың 15 желтоқсанда сағат 02.00-де Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежай ғимаратын миналау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіпке сәйкес, барлық қызметтер ескертіледі. Полиция мен ҰҚК қалалық департаменті әуежай қызметтерімен бірлесіп арнайы іс-шаралар өткізді. Әуежай терминалында адамдарды эвакуациялау жүргізілді", - деп растады Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Көліктегі полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған факті Шымкент қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелген, деп жазады sputnik. Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қарастырылады.
"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде (...) жария етуге жатпайды", - деп қорытындылады ведомствода.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram