{metadescription}
Риддерде екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепте бармайды

Риддерде екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепте бармайды

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқиды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 желтоқсанда Риддерде ауа температурасының 25 градусқа дейін төмендеуіне және жылдамдығы секундына 3 метрге жететін жел соғуына байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды. Таңертең де қаладағы аталған сыныптардың оқушылары мектепке бармаған еді.

«Сондай-ақ бүгін Алтай, Ұлан, Көкпекті, Глубокое, Катонқарағай ауданында бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар, Күршім ауданында 1-9 сыныптар, Катонқарағай ауданы Ақсу, Барлық, Ново-Поляковка ауылдарында 1-11 сыныптар қашықтан білім алған болатын», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.