{metadescription}
Комадан шыққан әйел қыз туғанын білді

Комадан шыққан әйел қыз туғанын білді

Әйел сәбиін босанған сәт есінде қалмағанын айтты, себебі сол уақытта әйел комада жатқан.

Ол жаңа туған сәбиін екі айдан кейін ғана көрді. Коронавирус жұқтырған жүкті әйел ауруханаға жеткізіліп, содан кейін комаға түскен. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін бәрін жасады.

Дәрігерлер әйелді комадан шығарған кезде ол жаңа туған қызын көріп аң-таң болды. Себебі сәбиін босанған сәт есінде болмаған. Осындай таңғаларлық жағдай ағылшынның Фарнворт қаласында болды, деп жазды Metro басылымы.

Жүкті Лора Уордтың коронавирус жұқтырған соң жағдайы нашарлаған, соған байланысты дәрігерлердің бақылауында болу үшін ауруханаға жатқызылған. Артынша дәрігерлер әйелде қант диабеті бар екенін анықтады. Лораның айтуынша, уақытынан бұрын босануға рұқсат берген сәті есінде жоқ. Әйел әрі қарай комаға түскен.

Лора комада жеті аптадан кейін есін жиды, ал барлығы оны қызының дүниеге келуімен құттықтады.

"Көзімді ашқанда жанымдағы төсектен Хоупты көрдім. Мен қимылдай алмадым. Тек дыбыс шығарып, басымды изей алатынмын", - деді ол.

Сәби шала туып, біраз уақыт оңалту бөлімінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы. Лораның сөзінше, болған жағдай өзіне және отбасына ауыр тиген. Себебі есін жиса да біраз уақыт бойы туыстары палатаға кіре алмаған, осылайша ол оянған соң екі аптадан кейін ғана туыстарымен сөйлесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде