{metadescription}
Шымкентте тұрғын алаяққа жарты миллион теңгесін беріп қойды

Шымкентте тұрғын алаяққа жарты миллион теңгесін беріп қойды

Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында бейтаныс әйел арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы алып беремін деп 500 мың теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеді. Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Тергеу амалдары барысында азаматшаның басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті әйелге қатысты міндеттеме түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылған.

Дереккөз: Polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.