{metadescription}
Зейнетақы қорының басшысы сынға ұшырады

Зейнетақы қорының басшысы сынға ұшырады

Мәжілістің жалпы отырысына дайындықсыз келген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді.

Мәжіліс отырысы барысында депутаттар БЖЗҚ басшысына сұрақ қойған.

«Неке бұзылған немесе ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда бірлескен аннуитет бойынша зейнетақы жинақтары қалай бөлінеді?», - деп сұрады.

Алайда мекеме басшысы қойылған сауалға дұрыс жауап бере алмады. 

«Бір айдың ішінде халықтың алдына шығып, неге көп сұраққа жауап бере алмағандарыңды енді түсіндім. Бір сұраққа жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жолды іздеп жауап бере алмай отырсыз. Депутат тікелей сұрады ғой. Екі мәселе шешу керек ол үшін. Біздің заң, сіздердің бұйрықтарыңыз бойынша! Қалай басқарып жүрсіз? Соны білмейсіз. Үш апта бойы халыққа зейнетақының жеткілікті деңгейінің мән-жайын түсіндіре алмай, ауыздарыңызды жауып отырғандарыңыз түсінікті болды. Оған қоса мұндағы заңға сілтедіңіз. Бұл сұраққа депутат Перуашев жауап берді», - деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы Жанат Құрмановқа жиынға келерде дұрыстап дайындалып келу керегін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде