{metadescription}
ШҚО-да сыбайлас жемқорлық жайлы хабар берген адам 4 млн теңге сыйақы алды

ШҚО-да сыбайлас жемқорлық жайлы хабар берген адам 4 млн теңге сыйақы алды

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға 4 млн теңге сыйақы берілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған азаматтарға сыйақы беріліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта параның немесе мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 1000 АЕК-тен аспайтын сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген адамға 100 АЕК-ке дейін сыйақы белгіленеді. Ал пара көлемі 1000 АЕК-тен асса, оған сол соманың 10 пайызы (бірақ 4000 АЕК-тен аспайды) беріледі. Жыл басынан бері облыста осындай фактілер жайлы хабарлаған 6 адам сыйақы алған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн теңгені құраса, ең төменгісі – 138 900 теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.