Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қоқыс өртейтін зауыттардың қоршаған ортаға зиянсыз екені қалай тексеріледі
2022 жылы Қазақстанның 6 қаласында салынатын қоқыс өртеу зауыттарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлене бастайды.
09:08 22.12.2021
Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде Өскемен қоқыс өртейтін зауыт салынатын 6 қаланың ішіне кіргеніне жергілікті халықтың назары екенін айтқан БАҚ өкілі «онсыз да экологиясы ушығып тұрған қалада мұндай күмәнді жоба неге іске асырылып жатқанын» сұрады.
Серікқали Брекешевтің айтуынша, аталған жобалардың зиянды немесе қауіпсіз екенін айтуға әлі ерте. Ол үшін әуелі қоғам талқысынан өтіп, кейін құзырлы органның сараптамасын алуы керек, деп жазады ҚазАқпарат.
«Жоба іске асырардың алдында экологиялық сараптамадан өтеді. Оған дейін жобалық-сметалық құжаттама кезеңінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырылады. Тұрғындар көкейдегі сұрақтарын сол кезде инвесторға қоя алады. Ал инвестор немесе жоба әкімшісі жобаға қатысты бүкіл ақпаратты халықтың алдына жайып салуы керек. Қандай технология орнатылатынын, қаншалықты заманауи немесе «жасыл» талапқа сай екенін түсіндіруі керек. Тұрғындар айтқан ескертулер мен ұсыныстар жоба іске асырылған кезде ескерілуі керек», - деген министр әзірге министрліктің қарауына бір де бір зауыт жобасы түспегенін жеткізді.
«Бізге алты қала бойынша да ешбір жоба әлі түскен жоқ. Іске асыру кезеңі келесі жылы басталады. Яғни, 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу басталады. Ол құжат бізге түсуі керек. Біз оған сараптама жасап, экологиялық рұқсат беру мәселесін шешеміз. Осы кезде Өскеменде салынуы тиіс зауыттың да экологиялық талапқай қаншалықты сай екенін қараймыз. Жобалар біздің қолымызға тимей тұрып, жергілікті халықтың арасында талқыланып, қоғамдық тыңдаулар өтуі керек. Инвестор оны өткізуге міндетті. Яғни, қоқыс өртейтін зауыттардың қаншалықты зиянды немесе қауіпсіз екенін экологиялық сараптама жасағаннан кейін ғана айта аламын», - деді ведомство басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram