{metadescription}
Қанат Ислам WBO титулынан айрылды

Қанат Ислам WBO титулынан айрылды

Еш жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO International титулынан айырылды.

Дүниежүзілік бокс ұйымының мұндай шешім қабылдауына қазақстандықтың белсенділігінің төмендігі және титулды қорғай алмауы себеп болған. 2019 жылы Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) болған айқаста белбеуді жеңіп алғаннан кейін Қанат бір ғана жекпе-жек өткізді.

Енді орта дивизиондағы WBO International белбеуі BoxRec.com сайтында бос орын ретінде көрсетілген және оның жаңа иесі 15 қаңтарда ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) басқа қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегінде анықтау жоспарлануда. Бұл айқас Ақтауда өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде