Алматы облысында ер адам жүгері тиеу кезінде көз жұмды
Қайғылы оқиға өткен дүйсенбіде болған. Жұмысшы қысып тығыздайтын құралдың астында қалып қойды.
15:34 22.12.2021
Алматы облысында 39 жастағы ер адам жүгеріні тиеу кезінде қысып тығыздайтын құралдың астына түсіп, көз жұмды. Жазатайым оқиға Ілеу ауданының Байсерке ауылында болды. 20 желтоқсанда сағат 21:33-те ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының кезекші пультіне жекеменшік шаруа қожалықтарының бірінде жүгері тиеу кезінде металл конструкция адамды басып қалғаны туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанған, алайда олар келгенге дейін ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.
"Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен металл конструкцияның түбін кесіп, кранның көмегімен жинақтауыш аппаратты жоғары көтерді де, ер адамның мәйітін алып шықты. Қайтыс болған ер адам 1982 жылы туған", - деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!