Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысында алаяқтық жасаған адам Германияда ұсталды
Ақмола облысында 2014 жылы жасалған қылмыс ашылды.
20:01 22.12.2021
Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны жергілікті кәсіпкердің 42 млн. теңгеден астам ақшасын алдау жолымен иемденіп, оған жоғары технологиялық жабдық қоюға уәде беріп, жеткізуге арналған шарттың жасанды құжаттарын көрсеткен. Бурабай АПБ тергеу бөлімімен аталған факті ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Жедел-тергеу іс-шаралар барысында алынған ақшалай қаражатқа ер адам несиелік қарыздарын жауып, Қазақстан аумағынан шығып кеткені анықталды. Алаяқтыққа күдіктінің тұрған жерін анықтау үшін Ақмола облысының Полиция департаменті халықаралық іздеу жариялады. 2021 жылдың қарашасында жалған құжаттар бойынша тұрған қаскүнемді Германия полициясының қызметкерлері ұстады.
Кейін Майндағы Франкфуртте оны ГФР құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен экстрадициялау өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram