Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
17 жасар шахматшы Қазақстан тарихында алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионы атанды
17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды.
09:20 31.12.2021
Бұл ересектер арасындағы шахматтан әлем чемпионаттарындағы Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын. Сонымен қатар, Бибісара Асаубаева әлем шахматы тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды. Әлем біріншілігі Варшавада (Польша) өтіп жатыр.
Турнирдің басынан бастап қазақстандық шахматшы қарсыластарын басып озып, жарыстың аяқталуына дейін бір тур ішінде жеңіске жетті. Сондай-ақ, 28 желтоқсанда Асаубаева жылдам (рапид) шахматтан екінші орын алды: шешуші партияларда Бибісара тәжірибелі грузин шахматшысы Нану Дзагнидзені, өз отандасы Әсел Серікбайды жеңіп, халықаралық гроссмейстер ресейлік Александра Костенюкпен тең ойнады.
Блиц бойынша қорытынды кестеде екі күн бұрын рапид бойынша әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк екінші орынды иеленді, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынға жайғасты.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева қыздар арасында 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі классикалық шахматтан әлем чемпионы, 7, 9 жасқа дейінгі оқушылар арасында әлем чемпионы болған. Рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларын құрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram