Батыс Қазақстанда қыстаққа кеткен бес адам түгелдей табылды
Батыс Қазақстан облысында қыстаққа кеткен бес адам түгелдей табылды.
10:33 31.12.2021
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінде болды. 27 желтоқсан күні сағат 15.00-де бес адам МТЗ-80 тракторымен Первомай ауылынан Шынқұдық қыстағын бетке алып, шығып кеткен.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 30 желтоқсан күні сағат 16.02-де жоғалғандардың екеуі Шынқұдық қыстағы маңынан табылды. Сондай-ақ сағат 20.48-де қалған үш адам Первомайдан 60 шақырым жердегі далалық жолдан табылды. Барлығы медициналық көмекті қажетсінбеді.
Олардың бәрі де «Ирида» шаруа қожалығының жалдамалы жұмысшылары болып шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір айлық мөлшердегі қар түскенін жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!