Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бала кезінде ұрланған ер адам қолдан жасаған картаның көмегімен анасын іздеп тапты
Бала кезінде жоғалған Қытай тұрғыны араға 33 жыл уақыт салып, туған анасын іздеп тапты.
14:06 31.12.2021
4 жасында оны әлдебіреулер ұрлап әкетіп, өзге отбасына сатқан. Арада көп жылдар өткеннен кейін, ол есінде сақталған жерлерді қағазға түсіріп, сол арқылы туған анасын тапты. Ли Цзинвэйдің сөзінше, шамамен 4 жаста болғанда оны біреулер ұрлап әкеткен. Кейін ұрлықшылар сәби сүйе алмай жүрген отбасына баланы сатқан. Ол туған ауылынан мың шақырым жерде орналасқан Хэнань ауылында өсті.
Ер адам өмір бойы туған үйін жадында сақтауға тырысқан. Бірақ не ауылының атын, не өзінің шынайы есімін есіне түсіре алмапты. Ер жеткен соң, ол ата-анасын іздеуге кіріскен. Есінде сақталған өзен мен төбені суретке түсірді. Отбасын іздеу барысында ол полиция мен желі қолданушыларының көмегіне жүгінді. Сол арқылы өзінің туған жерін тапты.
Сондай-ақ, полиция Ли Цзинвэйдің анасы болуы мүмкін деген әйелді іздеп тапты. ДНҚ анализі әйел Лидің анасы екенін растады. Ал әкесінің қайтыс болғаны хабарланды. Анасы мен ұлы 33 жылдан кейін, 2022 жылдың 1 қаңтарында кездеспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram