{metadescription}
Алматыда Жаңа жылда қоғамдық көлік қалай жүреді

Алматыда Жаңа жылда қоғамдық көлік қалай жүреді

Мегаполисте автобустар, троллейбустар мен метро 31 желтоқсан мен 4 қаңтарды қоса алғанда әдеттегідей режимде – 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңа жылдық мерекеге байланысты 2022 жылдың 1 қаңтары күні сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін қоғамдық көліктің 50%-ы жолға шығады. Одан әрі қоғамдық көлік жұмысы мерекелік кестеге сәйкес жалғасады. 2,3,4 қаңтар күндері жұмыс мерекелік күндер кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Яғни жолаушылар ағыны негізінде коғамдық көлік саны 20 пайызға қысқарады. Бұған дейін Алматының коммуналдық қызметтері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлаған болатынбыз.

31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жауапты тұлғалардың, жедел және жөндеу персоналының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады. Мереке күндері қалалық шаруашылық объектілері мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.