Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды
Оралда 50 жастағы перзентхана қызметкері лифтіге қысылып қайтыс болды.
16:35 31.12.2021
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні таңертеңгі уақытта болған. Облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылы туған қызметкердің қайтыс болғаны хабарланды. Ол жүк лифті мен шахтаның арасына қысылып өлді. Мәйітті құтқарушылар алып шықты, деп жазады басылым.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы сағат 8:56-да хабарлағанын мәлімдеді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк лифтінің шахтасына әйел адам құлап кеткен. Ол сол жерде жан тапсырған. Ол медициналық мекемеде вахташы болып жұмыс істеген. Бұл факті бойынша тергеу басталды", - деді полиция.
Оқиға бойынша басқа мәліметтер анықталуда.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram