{metadescription}
Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында өтіп жатқан W25 турнирінің финалына шықты.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен шеберлік байқасты. Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Аталмыш додада тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева да финалға шығуы мүмкін. Ол латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен ойнайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде