Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үржар ауылында қару асынған адамдар тойға баса-көктеп кіріп келді
Бұған дейін әлеуметтік желіде жаңажылдық шара кезінде қолына қару ұстаған адамдардың мейрамханаға кіріп, дүрбелең тудырған видеосы тарады.
17:09 02.01.2022
Полиция Шығыс Қазақстан облысының Үржар аулында жаңажылдық мереке кезінде болған оқыс оқиға туралы айтып берді. Еске салсақ, 1 қаңтарға қараған түні мерекелік жиын өтіп жатқан ауылдағы дәмханаға автомат асынған адамдар басып кіріп, аспанға оқ атқан. Үрейленген қонақтар дәмханадан жапатармағай қашқан.
"2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 4:00 шамасында Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде жергілікті екі тұрғын туындаған дауға байланысты оқ ататын қару қолдану арқылы бұзақылық әрекетке барған. Олар атқан оқтан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген Шығыс Қазақстан облысы полициясының хабарламасында.
Полиция автомат асынғандардың бірін ұстады. Екіншісі қазір іздестіріліп жатыр, бірақ оның жеке тұлғасы анықталды, деп мәлімдеді полициядағылар.
Осы оқиғадан кейін ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құқық қорғау ведомствосы ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейтінін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram