Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Қазгидромет» Қазақстанның 11 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 11 облысында күн райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Қазгидромет.
10:21 03.01.2022
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 3 қаңтарда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауынғ қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында және орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің жылдамдығы секуелына 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтауда 3 қаңтарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Күндіз 3 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
3 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болып, орталығында тұман түседі. Қызылордада 3 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.
3 қаңтарда Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
3 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанайда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с.
3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.
3-5 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Таразда 3-5 қаңтарда тұман түсіп, 5 қаңтарда көктайғақ болады.
3 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде 3 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Оралда 3 қаңтарда жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
3 қаңтарда Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жезқазғанда 3 қаңтарда тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.
Күндіз 3 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) болады.
Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram