{metadescription}
БҚО әкімі бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін бағалай білуге шақырды

БҚО әкімі бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін бағалай білуге шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін бағалай білуге шақырды.

Әкімнің мәлімдегеніндей, 4 қаңтар күні Орал қаласының Абай алаңында рұқсат етілмеген митинг қатысушылары тарапынан арандату әрекеттерге жол берілді. Нәтижесінде, құқық қорғау органдары заңсыз әрекеттерге жол берген азаматтарға қатысты тиісті шара қолданды.

«Қадірлі жерлестер, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіруге тырысып жүрген деструктивті топтарға ермеуіңізді сұраймын. Әсіресе, жастарға жеке тоқталғым келеді: тума-туыстарыңызды ойлап, болашақтарыңызға балта шаппаңыздар.

Біз тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығы жолында кез келген келіссөзге дайынбыз. Барлық заңды талаптар ескерілетінін және маңызды мәселелер тек бейбіт келіссөздер арқылы шешілетінін айтқым келеді.

Өңір тұрғындары осы сыннан сүрінбей өтіп, жаппай тәртіпсіздік пен заңға қайшы іс-әрекетерге жол бермейді деп сенемін. Жерлестерді сабырлылыққа, қоғам мен мемлекетімізге қарсы жұмыс жасайтын түрлі арандатушыларға тойтарыс беруге шақырамын.

Бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін бағалай білейік», - делінген үндеуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.