Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ҰҚШҰ Қазақстанға бітімгерлерін жібереді - Пашинян
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қазақстанға ұжымдық бітімгерлік күшін жіберу туралы шешім шығарды.
03:47 06.01.2022
Бұл туралы ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Пашинян Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне байланысты және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне, атап айтқанда, сырттан туындаған қатерді ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4-бабына сәйкес осы елдегі жағдайды тұрақтандыру және қалыпқа келтіру үшін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерін Қазақстан Республикасына шектеулі мерзімге жіберу туралы шешім шығарды", - деп жазады Никол Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мемлекеттерінен көмек сұрағаны хабарланған.
ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram