{metadescription}
Елордада дүкен өртенді
Елорданың ТЖД мәліметінше, сағат 08.54-те өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел 19/2 даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
10:20 11.01.2022
"Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде Cotton дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Оқиға орнында жеке құрамнан 22 адам және 4 техника жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Өрт 09.22-де ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: tengrinews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!