Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Төтенше жағдай кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керек
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Төтенше жағдай режимі кезінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керектігін түсіндірді.
15:14 11.01.2022
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ел аумағында енгізілген Төтенше жағдай режимі кезінде бірқатар құжаттар жарамдылық мерзімі өтсе де жарамды деп танылады. Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;
- ҚР аумағында шетелдіктің тұру ықтиярхаты;
- Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;
- Босқын куәлігі;
- Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама;
- Визалар;
- Еңбек мигранттарына рұқсатнама.
«Аталған құжаттарды ауыстыру немесе ұзарту әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер осы мәселе бойынша Төтенше жағдай аяқталған соң 30 тәулік ішінде жүгіне алады», - деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram