Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағаларын тұрақтандыру іс-шараларын атады
Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағаларын тұрақтандыру іс-шараларын атады.
10:38 12.01.2022
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы аясында импортты алмастыру жөніндегі іс-шаралар кешені көзделді. Министрлік мынандай жедел шаралар қабылдады: 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 125 мың тонна күнбағыс тұқымдары мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер енгізу; картоп пен сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге тыйым салу; ірі қара мал мен ұсақ малды экспорттауға 6 ай мерзімге тыйым салу», - деді министр.
Сондай-ақ ол нан бағасын тұрақтандыру мақсатында қаңтардан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы әлеуметтік нан өндіру үшін өңірлерге өткізетін астық құны субсидияланатындығын айтты.
«Бұл тетік Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ішкі нарыққа астықты нарықтағыдан төмен бағамен өткізу шығыстарын өтеуді көздейді», - деді Ербол Қарашөкеев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!