Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Төтенше жағдай: Елдегі 20 әуежайдың 18-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Төтенше жағдай кезіндегі елдің көлік инфрақұрылымы қалай жұмыс істеп тұрғанын баяндады.
12:23 12.01.2022
«Барлық аймақтарда қалалық автобус қызметі, барлық теміржол вокзалдары және барлық жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар автожолдар бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу жоқ», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Қайырбек Өскенбаевтың айтуына қарағанда, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын.
«Еліміздің 20 әуежайының 18-і штаттық режимде жұмыс істейді. Алматы және Талдықорған әуежайларының қызметі тоқтатылды. Бұл ретте, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын, құзыретті арнайы органдардың тиісті шешімі қажет», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram