Қостанай облысында блокбекетте тұрған автомобильге жүк көлігі соғылды
Қостанай облысында жүк көлігі бақылау-өткізу бекетіндегі екі көлікке, оның ішінде полиция көлігіне соғылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
15:20 12.01.2022
Оқиға Қостанай-Мамлютка тасжолының 60-шақырымында болған. Volvo-12 жүк көлігінің жүргізушісі бақылау-өткізу бекетіне жақындап келе жатып, жол жиегінде тұрған Jac S-3 қызметтік көлігін, сондай-ақ бекетте тұрған Lada Granta көлігін соққан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Дерекке қатысты жүк көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Қостанай облысының Полиция департаменті өкілі.
Облыстық комендатура апат тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты болғанын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!