Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан 2400 адам ұсталды
Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы заңсыз акциялар мен тонауға қатысқан 2402 адам ұсталды.
10:42 15.01.2022
Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.
"Лаңкестік әрекеттерге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз акциялар, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 402 адам ұсталды. 79 атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәулікте "102" пультіне 586 хабарлама түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram