{metadescription}
БҚO-да екі көлік соқтығысып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

БҚO-да екі көлік соқтығысып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 14 қаңтар күні шамамен сағат 08.00-де Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Бударин ауылы маңында болды. «Лада Приора» мен жүк көлігі соқтығысты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жедел жәрдем сағат 08.23-те шақырылып, бригада жеті минуттан кейін жетті. Ж ол апаты салдарынан зардап шеккен бес адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған 1981 жылғы әйел мен 2014 жылғы бала ауруханаға жатқызылды. Екі адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Жабық бас-ми жарақатына қоса миы зақымданған 1999 жылғы жігіт облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.