{metadescription}
Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды

Теннис: Анна Данилина Сидней турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге соңғы бәсееде германиялық Вивиан Хайзер - мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда германиялық-мажарстандық жұп басымдылық көрсетті - 6:4.

Екінші сетте Анна мен Беатрис брейкпен алға шықты - 2:0. Ақыры сол басымдылығын сақтай алды - 7:5. Супер тай-брейкте де олар 4:0 есебімен алға кетті. Ойын соңында әлденеше матчболды пайдалана алмағанымен, жеңіспен тәмамдады - 10:8. 1 сағат 36 минутқа созылған кездесуде қарсыластар қос-қостан брейк жасады.

Осылайша Анна Данилина жұптық сында спорттық жолында алғаш рет WTA 500 жарысының чемпионы атанды. Енді ол Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.